15.05.2008, 19:52 2844

Ресей, Қытай мен Үндістан Ауғанстанды қоршай есірткі қауіпсіздігінің "белдеулерін құруды" ұсынып отыр

Ресей, Қытай мен Үндістан Ауғанстанды қоршай есірткі қауіпсіздігінің "белдеулерін құруды" ұсынып отыр

Алматы. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресей, Қытай мен Үндістан Ауғанстанның айналасында есірткі қауіпсіздігі "белдігін құруды" ұсынып отыр. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров Екатеринбург қаласында өткен Қытай мен Үндістаннан келген әріптестерімен кездесу аяқталғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресей жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Біз Ауғанстан жағдайын қарастырдық. Ол жерден есірткі қаупі де, лаңкестік қаупі де төніп тұр. Біз осы елді тұрақтандыру бойынша халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін қолдаймыз. Және қабылданып жатқан шараларға қосымша ретінде барлық қызығушылық танытқан тараптардың қатысуымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының үйлестіруші рөлін пайдалану арқылы есірткі қауіпсіздігі шеңберін құру шараларын қабылдауды пайдалы санаймыз", - деп хабарлады С. Лавров.

Ауғанстаннан төніп тұрған лаңкестік қаупіне қатысты, С. Лавров, Екатеринбургтегі кездесуге қатысқандардың барлығы да БҰҰ туының астында лаңкестікпен күрес конвенциясына қатысты жұмыстардың жеделдетілуін қолдайды деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны