26.07.2006, 17:53 2863

Ресей Ливаннан тағы алты Қазақстан азаматын және он баланы алып шықты

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Ливаннан тағы алты Қазақстан азаматы және он бала көшірілді, деп хабарлайды агенттік.

ҚР СІМ баспасөз-қызметі хабарлағандай Ливаннан көшірілген қазақстандықтар бүгін Ресей төтенше жағдайлары жөніндегі Министрлігі ұшағымен Домодедово әуежайына жеткізілді.

Мәскеудегі Қазақстан елшілігі қызметкерлері отандастарды күтіп алып, қонақ үйлерге орналастыруда. Ливаннан көшірілгендердің туған туыстарына олардың келгені туралы хабар берілді, дейді баспасөз-қызметінің өкілдері.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Ливанда төрт қазақстандық бар. Олардың үшеуімен байланыс жоқ, іздестіру шараларын елшілік қызметкерлерінен құралған жедел әрекет ету тобы жүргізуде.

СІМ ақпаратына сәйкес, шиеленіс аймағынан 39 қазақстандық азамат және 31 бала көшіріліп, олардың арасынан 20 азамат және 13 бала Қазақстанға келіп жетті. Тағы бір Қазақстан азаматшасы Ливаннан көшірілуге дайын. Түрлі себептермен жеті республика азаматы Ливаннан шығудан бас тартқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны