02.04.2010, 10:13 1321

Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасында бес автокөлік өткізу бекеті жабылды

Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасында бес автокөлік өткізу бекеті жабылды

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасында 1 сәуірден бастап бес автокөлік өткізу бекеті жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ПРАЙМ-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейдің мемлекеттік шекара қызметінің хабарлауынша, Караман (Омск облысы), Кулунда (Шалдай) (Алтай аймағы), Малый Арал (Астрахан облысы), Никополь (Омск облысы) және Фомин (Саратов облысы) автокөлік өткізу бекеттері жабылған.

Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекараны жайластыру жөніндегі федералдық агенттігі 2009 жылы жүргізген Ресей шекараларындағы барлық өткізу бекеттеріндегі кешенді зерттеулер қорытындысы аталған бекеттердің іс жүзінде толыққанды жұмыс істемейтіндігін көрсеткен. Оған себеп - бекеттердің жайластырылмағандығы, өткізу бекеттеріндегі бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік бақылаушы органдардың талаптарына сай келмеу.

Өткізу бекеттерін жабу қандайбір экономикалық, әлеуметтік және басқа да залал-зардаптарға әкелмейді, деп хабарлайды Ресейдің мемлекеттік шекара қызметіндегілер.

Аталған өткізу бекеттері Қазақстан жағымен келісу негізінде жабылған. Бұған дейін Ресей мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасында тағы да 15 өткізу бекеті жабылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны