18.06.2008, 19:19 2945

Ресей мен Қазақстанның президенттерінің қатысуымен екі елдің шекаралас өңірлерінің басшыларының саммиті 12 қыркүйекте Ақтөбеде болады

Ресей мен Қазақстанның президенттерінің қатысуымен екі елдің шекаралас өңірлерінің басшыларының саммиті 12 қыркүйекте Ақтөбеде болады

Ақтөбе. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресей мен Қазақстанның президенттері - Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің қатысуымен өтетін екі елдің шекаралас өңірлерінің басшыларының саммиті 12 қыркүйекте Ақтөбеде болады. Бұл туралы бүгін "Еуропа-Азия: шекарасыз ынтымақтастық" халықаралық өнеркәсіп көрмесінің ашылуында қала әкімінің орынбасары Бақытжан Бармағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Б. Бармағамбетовтың айтуынша, екі мемлекет басшыларынан басқа Ақтөбедегі саммитке Ресейдің көршілес облыстарының губернаторлары, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының мэрлері, Қазақстан Республикасының үкімет мүшелері, шекаралас жеті облыстың әкімдері мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны