15.01.2009, 16:38 3183

Ресей мен Қырғызстан үкімет басшылары Мәскеуде бірлескен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады

Ресей мен Қырғызстан үкімет басшылары Мәскеуде бірлескен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады

Бішкек. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ресей үкімет басшысы мен Қырғызстан үкімет басшысы Игорь Чудинов Мәскеуде бірлескен ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғыз Республикасы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында 2008 жылдың 7 қазанында өткен қырғыз-ресей ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының шешімдерін орындау, Ресей тарапынан Қырғызстанға 2 млрд доллар көлемінде қаржы бөлу мәселелері талқыланды.

Қырғыз үкімет басшысының бұған дейінгі Мәскеуге сапары кезінде жасалған уағдаластыққа сәйкес, аталған соманың 1,7 млрд доллары энергетикалық нысандарды салуға арналған тікелей инвестицияға бағытталса, қалған 300 млн доллары - бюджетті қолдауға жұмсалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны