04.06.2008, 16:05 1026

Ресей министрі азық-түліктік емес шикізатты пайдалану арқылы биоэнергетиканы дамытуға қолдау білдірді

Ресей министрі азық-түліктік емес шикізатты пайдалану арқылы биоэнергетиканы дамытуға қолдау білдірді

Алматы. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Рим қаласындағы ФАО-ның штаб-пәтерінде өткен әлемдік азық-түлік дағдарысын шешуге арналған саммитте Ресей Федерациясының ауыл шаруашылық министрі Алексей Гордеев ауыл шаруашылығына соңғы онжылдықтардағымен салыстыруға келмейтіндей орасан көп мөлшерде көңіл бөлуге шақырды. Ол азық-түліктік емес шикізатты, бірінші кезекте целлюлоза, мал шаруашылығының қалдықтары мен қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалану арқылы биоэнергетиканы дамытуға қолдау білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны