01.07.2008, 10:40 1368

Ресей президенті шілденің 3 мен 7 аралығында Каспий жағалауы елдеріне барады

Ресей президенті шілденің 3 мен 7 аралығында Каспий жағалауы елдеріне барады

Мәскеу. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ресей президенті Дмитрий Медведев шілденің 3 мен 7 аралығында Каспий жағалауы елдеріне барады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Алғашқы аялдамасы Баку қаласы болады. Изербайжан президенті Ильхам Алиевпен кездесуде Медведев қатарынан бірнеше өзекті тақырыптарды талқыға салады. 4 шілде күні кешке Д. Медведев алғашқы ресми сапарымен Ашхабадқа келеді. Ресей президенті Түркіменстанға келіп қайту жөніндегі шақыруды Санкт-Петербургте 6-7 маусымда өткен ТМД елдерінің ресми емес саммитінің барысында алған болатын.

Сонымен қатар, 6 шілдеде Ресей президенті Д. Медведев Астана қаласына келіп, қатарынан екі мерекелік шараға қатысады. Оның бірі - Астананың 10 жылдығы болса, екіншісі - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны