20.02.2009, 17:14 3188

Ресей темекі шегушілер санымен алда келе жатқан елдердің тізімінде төртінші орында - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Ресей темекі шегушілер санымен алда келе жатқан елдердің тізімінде төртінші орында - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Алматы. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей темекі шегушілер санымен алда келе жатқан елдердің тізімінде төртінші орында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай мәліметтер келтіреді, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

XX ғасырда темекі індеті 100 млн адамның өмірін жойған. Қазір жыл сайын темекі шегу 5,4 млн адамның өлім құшуына себеп болуда. Егер батыл шешімдер қабылданбайтын болса, 2030 жылы бұл сан 8 млн адамға дейін өспек. XXI ғасырда сигарета, насыбай, кальян, сигаралар мен шылым шегетін трубкаларға құмар 1 млрд жуық адам темекіден қаза болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны