16.01.2008, 12:27 1668

Ресей жағы Қазақстанға төлейтін "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына байланысты өтемақы 291,8 млн теңгені құрамақ (толықтырылған нұсқа)

Ресей жағы Қазақстанға төлейтін "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына байланысты өтемақы 291,8 млн теңгені құрамақ (толықтырылған нұсқа)

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ресей жағы Қазақстанға төлейтін "Протон-М" зымыран тасығышының құлауына байланысты өтемақы 291,8 млн теңгені құрамақ. Бұл туралы бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров хабарлады.

"Нәтижесінде шығын көлемі 291 млн 801 мың 367 теңге деп белгіленіп, келісілді ", - деді В. Петров.

Оның айтуынша, бұл қаражатқа "тікелей шығындар бойынша 86 млн теңге, экологиялық шығын бойынша 178 млн 435 мың теңге, ауылшаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуге 20 млн 230 мың теңге, рекультивациялауға жататын 342 гектар жерді ауылшаруашылығы айналымынан шығаруға байланысты шығындарды өтеуге 7 млн теңге" қамтылады.

В. Петров Қазақстан жағы бастабында Ресейден 7,4 млрд теңге көлеміндегі шығындарды өтеп беруді талап еткенін, алайда, "растайтын құжаттардың жоқтығына байланысты Ресей жағының 7 млрд 112 млн теңге көлеміндегі шығындарды өтеуге келіспегендігін" еске салды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны