05.10.2007, 17:52 2443

Ресей жағы Изірбайжанға екі ел телеарналарының бір-бірінің мемлекеттеріне телехабар таратуын іске асыру ұсыныстарымен таныстырды

Ресей жағы Изірбайжанға екі ел телеарналарының бір-бірінің мемлекеттеріне телехабар таратуын іске асыру ұсыныстарымен таныстырды

Баку. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ресей жағы Изірбайжанға екі ел телеарналарының бір-бірінің мемлекеттеріне телехабар таратуын іске асыру ұсыныстарымен таныстырды, деп мәлімдеді тілшілерге Ресей Федерациясының Изірбайжандағы өкілетті елшісі Василий Истратов, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Изірбайжан осы мәселе бойынша, атап айтқанда, әзірбайжан телеарнасының Ресей Федерациясының аумағындағы телекөрсетілімі талаптары бойынша біздің ұсыныстарымызбен және шарттарымызбен танысты. Енді біз әзірбайжан жағының жауабын күтіп отырмыз", - деді дипломат.

Бұдан бұрын Изірбайжанның Ұлттық телерадиохабарлар тарату кеңесі ресейлік "РТР-Планета" телеарнасының Изірбайжандағы ұлттық жиіліктерінде және әзірбайжандық "АзТВ" телеарнасының Ресей Федерациясы аумағында таралуын жүзеге асыруды техникалық қамтамасыз етуді қарастыратын келісімді ұсынған болатын.

Ұлттық телерадио хабарлар тарату кеңесінің 11 шілде күнгі шешіміне сәйкес, ресейлік "Бірінші" телеарнасының Изірбайжанның ұлттық жиілігінде таралуы тоқтатылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны