24.06.2008, 18:47 2845

Ресей журналисі Қазақстанның Ресейдегі мәдени ықпалын күшейтуді ұсынады

Ресей журналисі Қазақстанның Ресейдегі мәдени ықпалын күшейтуді ұсынады

Алматы. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресей журналисі - Ресейдің бірінші телеарнасындағы ток-шоудың жүргізушісі Максим Шевченко Қазақстанның Ресейдегі мәдени ықпалын күшейтуді ұсынып отыр. Бұл жөнінде ол "Қазақстан - Ресей: Жол картасы" атты дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, бұл, бірінші кезекте, ксенофобия себептерінің жойылуына көмектесер еді. Атап айтқанда, ол Мәскеудегі Абай ескерткіші жөнінде айтты. "Керемет жұмыстың нәтижесінде пайда болған Абай ескерткіші Мәскеу қаласының ортасында тұр. Алайда, оның кім екенінен хабардар ететін жанында бір тақташада оның қара өлеңдерінің, қисса-дастандарының үзінділері болғанда тіптен жақсы болар еді. Ресей аумағында Қазақстанның мәдени ықпалының жетіспеушілігі, әлсіздігі айқын сезіледі", - деді Ресей журналисі.

Сонымен қатар, М. Шевченко бірлескен қоғамдық қорлар мен институттарды құру идеясын жариялады. "ТМД елдерінің арасында және Ресей мен Қазақстанның арасында мемлекетаралық қоғамдық институттардың жетіспеушілігі байқалуда", - деп атап көрсетті ол.

Ресей жағының ұсынысына дөңгелек үстелге қатысқандар қолдау көрсетті. "Ресейліктер Мәскеуде қазақ мәдениеті таныстырылатын, Қазақстанның қазіргі жетістіктері жөнінде әңгімеленетін ешқандай шаралар өтпейтіні жөнінде барынша ашық айтты. Ресейде Қазақстан телеарналарының толқынын тарататын бір де бір ақпарат арнасы жоқ. Және қазіргі Қазақстан қалай өмір сүріп жатқанын әңгімелейтін бір де бір ақпараттық бағдарлама жоқ екені де шын", - деді ҚР тұңғыш президентінің қорының атқарушы директоры Бектас Мұхамеджанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны