20.06.2012, 09:11 2663

Ресейде 21 жасқа дейін үйленуге тыйым салынбақ

Алдағы уақытта Ресейде ерте үйленуге тиым салынуы мүмкін. РФ Иділет министрлігі отбасылық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы құжатты дайындау үстінде, деп хабарлады Утро. ру.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Ресейде 21 жасқа дейін үйленуге тиым салынбақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алдағы уақытта Ресейде ерте үйленуге тиым салынуы мүмкін. РФ Иділет министрлігі отбасылық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы құжатты дайындау үстінде, деп хабарлады Утро. ру.

Егерде заң мақұлданып, көпшіліктің қолдауына ие болса, онда тек үйленуге рұқсат 21 жастан бастап берілуі мүмкін. Сонымен қатар тым ерте жаста ата-ана болған жасөспірімдердің балаларын тәрбиелеу құқығын үлкендерге беру ұсынылуда. Мұндай ұсыныстар Санкт-Петерборда өткен құқықты қолдану бойынша конференцияда айтылды.

Айта кетейік, заңнамаға ұсынылып отырған бұл өзгертулер мен толықтырулар Иділет министрлігімен емес, ғалым-құқытанушылармен жасалды. Ведомство тек қана келіп түскен ұсыныстар мен өтініштерді қарастырумен айналысады.

Авторлар өздерінің көзқарастарын отбасылық өмірге дайын болмағанына қарамастан жас қыздар мен бозбалардың тым ерте кездерінде үйленіп, ата-ана міндеттерін орындай алмауымен, көп жағдайларда ажырасуымен байланыстырады. "Адам ата-ана болу үшін, оңы мен солын ажырата алатындай есеюі қажет. Дегенмен бүгінгі күні жастарымыз ерте үйленіп, ата-ана атанады", - деді заңгер Виктория Пашкова.

Заңғы екі өзгерту ұсынылды. Оның біріншісіне сәйкес, үйлену үшін біреуі 14-те, екіншісі 16-да болуы керек. Екінші нұсқа айтарлықтай қатаң болмақ. Үйлену жасын 21-ге дейін арттырып, 16 жастағыларға тұрмыс құруға рұқсат бермеу сияқты талаптар қарастырылған. Пашкова бұл заңның қолдау табатынына күмәнмен қарайды, дегемен оның айтуынша, тым ерте жаста құрылатын отбасыларға тұсау салу қажет.

Қазіргі уақытта Ресейде жалпы тәртіп бойынша үйлену үшін 18-ге келу керек. Егерде қандай да бір ескерілетіндей себептер болса, жергілкті өзін-өзі басқару органдары 18 жастан кіші жастарға отбасы құруға рұқсат беру мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны