30.07.2007, 11:54 2558

Ресейде ВИЧ індеті жұқтырылған қан құйылған Воронеж тұрғыны 3,5 млн рубль өтемақы алды

АЛМАТЫ. 30 - шілде. Kazakhstan Today. Ресей Федерациясында ВИЧ індеті жұқтырылған қан құйылған Воронеж тұрғыны моральдық шығын ретінде 3,5 млн рубль өтемақы алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі newsru.com сайтына сілтеме жасай отырып.

"Жәбірленушінің адвокаты Валерия Кольцовтың хабарлауынша, бұл қаржы сот шешімі бойынша облыстық қан құю станциясынан төленді",- деп айтылған хабарламада.

Ийелге ВИЧ індетін жұқтыру оқиғасы 2005 жылдың күзінде болған. Қаланың перзентханаларының бірінде жас анаға қан құю орталығында ВИЧ індеті жұққан донордан алынған қан құйылған. Бірақ анализдер әйелдің қанында індеттің бар екендігін тек жарты жыл өткеннен кейін ғана көрсеткен, деп хабарлайды newsru.com.

Облыстық прокуратура осы дерек бойынша қан құю станциясы басшысының үстінен қылмыстық іс қозғаған. Осыдан кейін, облыстық прокуратура рақымшылыққа байланысты қылмыстық істі тергеуді тоқтатысымен жас әйел сотқа моральдық шығын ретінде өзіне 10 млн рубль өтемақы төлеу туралы азаматтық шағым берген.

Сот адвокаттың стнанция басшысына жасалған рақымшылықтың бұл ұйымды зиянның орнын толтырудан босатпайтындығы туралы дәлелдерімен келіскен, бірақ өтемақы сомасын 3,5 млн рубльге дейін төмендеткен. Қан құю станциясы шешімнің күшін жою туралы шағым берген болатын, бірақ жоғарғы сот органдары аудандық сот үкімін растады.

"Бұл Ресейдегі адамға ВИЧ індеті жұқтырылған қан құю дерегі бойынша осы сияқты шығарылған алғашқы сот шешімі",- деп атап өтті адвокат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны