11.01.2007, 15:06 2541

Ресейдегі Қазақстанның жаңа елшісі Ибіқаев президентке оған көрсеткен сенімі үшін өз алғысын айтты

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Ресейдегі Қазақстан елшісі болып тағайындалған сенаттың бұрынғы спикері Нұртай Ибіқаев президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өзіне сенім білдіргені үшін үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мен президентке қазіргі уақытта өте маңызды болып табылатын жұмыс учаскесін сеніп тапсырғаны үшін алғысымды білдіремін. Ресейдегі Қазақстан елшілігі СІМ-нің құрамындағы мекемелердің арасындағы маңызды учаске болып табылады, себебі Ресей біздің стратегиялық әріптесіміз", - деді Н. Ибіқаев сенаттың жалпы отырысының аяқталуына байланысты өткен брифингте.

Н. Ибіқаев елші болып тағайындалуды қызмет бабындағы төмендету деп санамайды. "Мемлекет игілігі үшін қандай учаскеде қызмет атқарсам да оны төмендету деп санамаймын",- деді ол.

Сонымен қатар, Н. Ибіқаев Ресейдің ұлы мемлекет екендігін атап өтті. "Мәңгілік достық туралы келісімде жазылғандай, Құдай біздің көршіміз етіп жаратқан Ресей сияқты ұлы мемлекетте елші болу маңызды міндет деп санаймын",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны