26.02.2016, 11:05 4475

Ресейден тауық, Қырғыз елінен үйрек...

Қостанай шекара отрядыныӊ "Қаракоға авто" бақылау бөлімшесінде шекара наряды Ресейден біздіӊ елге қарай ГАЗ автокөлігімен келе жатқан 1985 жылғы РФ азаматын ұстады. Бұл азаматты ұстауға себеп болған, оныӊ автокөлігіндегі жүк

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Қостанай шекара отрядыныӊ "Қаракоға авто" бақылау бөлімшесінде шекара наряды Ресейден біздіӊ елге қарай ГАЗ автокөлігімен келе жатқан 1985 жылғы РФ азаматын ұстады. Бұл азаматты ұстауға себеп болған, оныӊ автокөлігіндегі жүк, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпы салмағы 1320 кг болатын тауық етін ол ешқандай ветеринарлық немесе өзге де жөнелтпе қағаздарынсыз әкеле жатыпты.

М. Жұмабаев атындағы ауданныӊ Ветеринарлық қызметініӊ бас маманыныӊ шешімі бойынша жүк кері қайтарылды.

Дәл осындай жағдай Қордай шекара отрядыныӊ "Қарасу авто" бөлімшесінде де бір күн бұрын орын алған болатын. Ол жолы 1985 жылы туған Қырғыз Республикасыныӊ азаматы Митсубиси Поджеро автокөлігімен өз елінен Қазақстанға қарай 150 кг, (15 қорап) үйрек етін құжаттарсыз әкелмек болған. Ол азаматтыӊ жүгі актіленіп "Қарасу" санитарлық-ветеринарлық қызметіне тапсырылған болатын.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны