26.06.2015, 15:27 3583

Ресейдіӊ экс-премьері Евгений Примаков дүниеден өтті

"Президентке Евгений Максимович Примаковтыӊ қаза болғаны туралы баяндалды, президент Евгений Максимовичтіӊ туыстары мен жақындарына көӊіл айтты", - деді Ресей мемлекеті басшысыныӊ баспасөз хатшысы Дмитрий Песков

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - РФ экс-премьері, бұрынғы СІМ басшысы Евгений Примаков 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Президентке Евгений Максимович Примаковтыӊ қаза болғаны туралы баяндалды, президент Евгений Максимовичтіӊ туыстары мен жақындарына көӊіл айтты", - деді Ресей мемлекеті басшысыныӊ баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, Путин Примаковты жақсы білетін, оныӊ серіктерініӊ бірі болды. "Ол мемлекет қайраткері, ғалым, саясаткер болды, артына өте үлкен мұра қалдырды", - деді Песков.

Евгений Примаковтыӊ көз жұмғанын оныӊ немересі растады. "Иә, солай. Бұл қайғылы оқиға бүгін болды", - деді Евгений Сандро.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны