15.09.2009, 13:58 2600

Ресейдің электр қуатын Қазақстан аумағы арқылы Сібірге тасымалдау туралы келісімге жылдың аяғына дейін қол қойылады

Ресейдің электр қуатын Қазақстан аумағы арқылы Сібірге тасымалдау туралы келісімге жылдың аяғына дейін қол қойылады

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ресейдің электр қуатын Қазақстан аумағы арқылы Сібірге тасымалдау туралы келісімге екі ел жылдың аяғына дейін қол қояды. Бұл туралы "KEGOC" АҚ басқармаларның төрағасы Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Өздеріңізге мәлім, мұндай шешім жуырда Қазақстан мен Ресей мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің кездесуі кезінде қабылданды. Саян-Шушенск су электр станциясындағы апат - аса ірі апат болды. 4 мың мВт электр қуатын айрылу - Сібірдің энергетикалық жүйесі үшін аса ауқымды көлем. Енді біз осы қыста ресейлік энергетиктерге өз электр қуатын Ресейдің еуропалық бөлігінен Сібірге жеткізуге жәрдемдесетін боламыз", - деді Қ. Бозымбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны