24.01.2012, 11:58 3745

Ресейдің ең ықпалды әйелдерінің тізімі белгілі болды

2011 жылғы Ресейдің ең ықпалды 100 әйелі рейтингісін Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенко, әнші Алла Пугачева мен президенттің баспасөз хатшысы Наталья Тимакова бастаған.

Алматы. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Ресейдің ең ықпалды әйелдерінің тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2011 жылғы Ресейдің ең ықпалды 100 әйелі рейтингісін Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенко, әнші Алла Пугачева мен президенттің баспасөз хатшысы Наталья Тимакова бастаған.

Сондай-ақ, тізімнің алғашқы ондығына Ресей президентінің жұбайы Светлана Медведева, Мәскеу Хельсинки тобының төрайымы Людьмила Алексеева, тележүргізуші Ксения Собчак, спортшы қыз Алина Кабаева және екі министрліктің басшылары - экономикалық даму министрі Эльвира Набиуллина мен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Татьяна Голикова кірген.

Екінші ондықта Ресей премьер-министрінің жұбайы Людмила Путина, сонымен қатар бірінші президент Борис Ельциннің қызы - Татьяна Юмашева мен оның әйелі Наина Ельцина бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны