13.06.2006, 18:04 2886

Ресейдің ректорлары одағының ҮІІІ сьезіне қазақстандық ғалымдар да қатысты

МИСКЕУ. 13-маусым. Kazakhstan Today. Ресейдің ректорлары одағының ҮІІІ сьезіне қазақстандық ғалымдар да қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Форумға Ресейдің жоғары оқу орындарының жетекшілерімен бірге ТМД, Еуропа, Азия мен Американың өкілдері де жиналды. Қазақстаннан бұл сьезге Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры Анатолий Купчишин, “Парасат” кәсіподақ ұйымдарының төрағасы Мәншүк Мұқашева сынды адамдар қатысты.

Форумда Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйледі.

Ресейдің жоғары оқу орындарының ТМД елдеріндегі филиалдары туралы сөз қозғаған В.Путин: “жекелеген филиалдардың жұмыс сапасы әзірге сын көтермейді”, деп атап өтті. “Стандарттар біртұтас болуға тиіс. Мәскеу немесе одан тысқары жерлерді бөле-жара қарауға болмайды”, деді Ресей мемлекет басшысы.

Ресейдің ректорлары одағының ҮІІІ сьезі техникалық, педагогикалық, медициналық, ауылшаруашылығы, мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындары деген секциялар бойынша өткізілді. Форум аясында Ресей мен ТМД елдерінің кәсіподақ, студенттік және жастар ұйымдарының “дөңгелек үстелдері” өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны