18.12.2015, 13:17 4237

Ресейге қашпақшы болған ұрылар ұсталды

Тексеру барысында бұлардыӊ Александр және Денис есімді 21 және 19 жастағы қазақстандықтар екендігі анықталды. ҚР Қылмыс кодексініӊ 188 бабыныӊ 2-бөлігі бойынша іздеуде жүрген бұлар, қазақстандық заӊ орындарынан іздерін Ресейде жасырмақ болыпты. Ұсталғандар Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Астана. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақтөбе шекара отрядыныӊ "Илімбет авто" бақылау бөлімшесініӊ шекарашылары Қарғалы аудандық ішкі істер бөлімініӊ қызметкерлерімен өзара бірлескен іс-қимылдар шеӊберінде үстіміздегі жылдыӊ 17 желтоқсаны күні кешкі алакеуімді пайдаланып (кешкі жетілер шамасында) Қырғылда теміржол бекетінде біздіӊ елден Ресейге қарай жүргелі тұрған жүк пойызына жасырынып отырмақ болған ешқандай құжатсыз екі адамды ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тексеру барысында бұлардыӊ Александр және Денис есімді 21 және 19 жастағы қазақстандықтар екендігі анықталды. ҚР Қылмыс кодексініӊ 188 бабыныӊ 2-бөлігі бойынша іздеуде жүрген бұлар, қазақстандық заӊ орындарынан іздерін Ресейде жасырмақ болыпты. Ұсталғандар Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны