19.03.2013, 16:08 2882

Ресейлік баланың өліміне оны асырап алған шетелдік ата-анасы кінәлі емес болып шықты

Ресей билігі Кузьминді асырап алған ерлі-зайыпты Алан мен Лора Шаттоны айыптап, бұл істі таяуда америкалық ата-аналардың ресейлік балаларды асырап алуына тыйым салатын заңға дәлел ретінде пайдаланған.

Мәскеу. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Техас штатының билігі осыдан екі ай бұрын қаза тапқан 3 жастағы ресейлік асыранды бала Макс Шатто (Максим Кузьмин) өліміне байланысты оны асырап алған отбасыға қатысты іс қозғамайтын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, баланың мәйітін ашқан тергеу орындары оны "кездейсоқ оқиғадан қайтыс болған" деген қорытындыға келіп отыр.

Ресей билігі Кузьминді асырап алған ерлі-зайыпты Алан мен Лора Шаттоны айыптап, бұл істі таяуда америкалық ата-аналардың ресейлік балаларды асырап алуына тыйым салатын заңға дәлел ретінде пайдаланған.

Қаңтар айында Кузьминді асырап алған анасы Лора Шатто баланы өз үйінің ауласында ес-түссіз жатқан жерінен тауып алғандарын хабарлады. Алдын ала сараптама қорытындысында Максимнің денесінің бірнеше жері көгергені анықталған еді. Бірақ оның мәйітін ашқан төрт дәрігер бірдей бала кездейсоқ жағдайда қайтыс болған деген қорытындыға келіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны