26.06.2014, 19:36 5554

Ресейлік ғалым қазақ тілін меңгеру тәсілін ұсынды

"Қазақстанда ағылшын мен қазақ тілдерін үйрену көбейту кестесін жаттағанмен бірдей болатындай етіп жасаймын", - деді А.Драгункин.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan today. Астанада ресейлік атақты ғалым-филолог Александр Драгункиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Ғалым-филологтың Астанаға келуінің негізгі мақсаты бірегей қазақ тілін меңгеру тәсілдерін зерттейтін Астана қаласында Драгункин Орталығын ашу. Сонымен қатар оның жүйесі кез келген адамға жеңіл, қолайлы және оңай екенін жария ету, деп қазақстандық баспасөз клубы хабарлады.

Қазақстанға келген сапарларының бірінде, Александр Драгункин, қазақ тілін үйренуге қызығушылығын танытып, қазақ тілін меңгерудің өзгеше әдістерін өңдеудің алғашқы қадамын жасады.

Осыған дейін А.Драгункин ағылшын және қытай тілін меңгерудің атақты зерттеу әдістемелерін жазған. Бұл әдістемелер әлемнің 28 мемлекетінде қолданылады.

"Қазақстанда ағылшын мен қазақ тілдерін үйрену көбейту кестесін жаттағанмен бірдей болатындай етіп жасаймын", - деді А.Драгункин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны