12.09.2007, 19:11 3163

Ресейлік кеденшілер Қазақстанға 200 кесірткені контрабандалық жолмен әкелуге жасалған әрекеттің жолын кесті

Ресейлік кеденшілер Қазақстанға 200 кесірткені контрабандалық жолмен әкелуге жасалған әрекеттің жолын кесті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. ПАВЛОДАР. Ресей Федерациясының Алтай өңірінің кеденшілері Қазақстанға әкелінбек болған 200 кесірткені контрабандалық жолмен әкелуге жасалған әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Алтай өңірінің кеден басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Алина Шмидт хабарлады.

Оның айтуынша, тірі тауарды Рубцовск жедел постының қызметкерлері Новосибирск - Алматы бағытындағы жолаушылар поездін тексеру барысында тапқан. "Кесірткелер - 190 геккон мен 10 агам - вагондардың біріндегі жылыту бөлімшесіндегі қазанның артына тығылған"- деп хабарлады А. Шмидт. Ол сондай-ақ "жәндіктер сіріңке мен тіс пастасының қаптарына тығыздалып оралғандығын да" айтып өтті.

Күдкті ретінде поездің жолсерігі, Алматыда тұратын Қазақстан азаматы ұсталған. А. Шмидттің айтынуша, "жедел қызметкерлер епсіз контрабандист тек курьер болуы мүмкін, деп күдіктенуде". Аталмыш дерек бойынша Алтай кедені әкімшілік іс қозғады. Кесірткелер мал ауруханасына жеткізілді.

Баспасөз хатшысының ақпараттарына сүйенсек, Ресей тәркіленген жәндіктердің таралу мекені болып табылмайды. Геккондар мен агамалар оңтүстік елдердің хайуанаттар әлемінен, әдетте, Шығыс Кавказ, Солтүстік Иран, Солтүстік Ауғанстан, Африка, Қытай, Түрікменстан, Қырғыз және Тәжікстанның солтүстік-батысында мекендейді. Осыған байланысты, А. Шмидттің пайымдауынша, "тергеу Ресей транзиттік аумақ болып келетін жабайы жануарларды заңсыз трансшекаралық тасымалдау схемасын анықтауға көмектеседі деп күтілуде".

Павлодардың С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің билогия-химиялық факультетінің оқытушысы, герпетолог Елена Гниденко өз кезегінде агенттік тілшісіне, ресейлік кеденшілердің тапқандары сирек кездесетін жәндіктер қатарына жатпайды және де Қазақстанның оңтүстігінде көптеп мекендейді, деді.

"Олар биологиялық тұрғыдан бағалы болып табылмайды - оларда уыт немесе сирек кездесетін биологиялық заттар жоқ",- деп түсіндірді Е. Гниденко.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны