22.05.2012, 14:24 2841

Республика бойынша 41 судан құтқару станwbzcsy салу керек

"Былтырғы жылы суда қаза болғандардың саны 1600-ді құрады. Олардың ішінде тек 3 жағдай ғана судан құтқару қызметінің аумағында орын алыпты. Қалғанының ешқайсысында бұндай қызмет болмаған. Сондықтан да, республика аумағында әлі де 41 судан құтқару қызметінің стансыларын салу қажет", - дейді В. Божко.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Республика бойынша 41 судан құтқару станwbzcsy салу керек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті.

"Былтырғы жылы суда қаза болғандардың саны 1600-ді құрады. Олардың ішінде тек 3 жағдай ғана судан құтқару қызметінің аумағында орын алыпты. Қалғанының ешқайсысында бұндай қызмет болмаған. Сондықтан да, республика аумағында әлі де 41 судан құтқару қызметінің стансыларын салу қажет", - дейді В. Божко.

Сонымен қатар, министр кадрмен қамтамасыз ету мәселесін айта келе, Көкшетау техникалық институты базасында білім беру тапсырысын арттыруға тоқталды.

"Өйткені, бізден шетелдік мамандарды, оның ішінде Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан елдерінің мамандарын оқытуды қайта-қайта өтініп, сұрап жатыр", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны