11.06.2009, 15:45 3698

Республика бойынша орташа ҰБТ баллы 74,9 құрады

"Алтын белгіге" үміткер 2 938 бітірушінің 2845-і тестілеуге қатысып, олардың 1547-і (54,4 %) өздерінің үздік білімдерін растады. Министрліктің мәліметіне жүгінсек, 8 мектеп бітіруші 125 балл жинады.

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Республика бойынша орташа ҰБТ баллы 74,9 құрады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агентті ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Алтын белгіге" үміткер 2 938 бітірушінің 2845-і тестілеуге қатысып, олардың 1547-і (54,4 %) өздерінің үздік білімдерін растады.

Министрліктің мәліметіне жүгінсек, 8 мектеп бітіруші 125 балл жинады. Олар: Батыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектептің түлегі Аманғалиева Шынар, Маңғыстау облысы Бейнеу мектебінің түлегі Байбозтегі Ақниет, Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаттың түлегі Жексенбаев Абылай, Солтүстік Қазақстан облысы Чириков мектебінің түлегі Есенаева Жадыра, Талдықорған қаласындағы № 20 мектептің түлегі Қожамұратова Арай, Алматы қаласындағы № 21 гимназияның түлегі Меньшова Анна, Батыс Қазақстан облысындағы дарынды балаларға арналған облыстық мектептің түлегі Нұрабай Арайлым, Жамбыл облысы Мерке ауданының № 17 мектебінің түлегі Хасенова Сабира.

11 374 (10,64 %) оқушы 100 балдан артық балл жинады. Ал 45 баллдан төмен балл жинағандар - 15 476 (14, 48 %) оқушы.

Апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссияға 4-9 маусым аралығында 1034 өтініш түсті. 603 апелляция қанағаттандырылған жоқ, 431 апелляция қанағаттандырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны