11.06.2010, 17:42 5705

Республика көлемінде ҰБТ нәтижесі бойынша орташа балл 84,84 құрап отыр

"Тестілеуге 107 мың 543 түлек (өткен жылы 106 мың 805 түлек) қатысқан. Республика бойынша орташа балл 84,84 (2009 жылы - 74,9)",- деп хабарлады БҒМ.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Республика көлемінде ҰБТ нәтижесі бойынша орташа балл 84,84 құрап отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

"Тестілеуге 107 мың 543 түлек (өткен жылы 106 мың 805 түлек) қатысқан. Республика бойынша орташа балл 84,84 (2009 жылы - 74,9)",- деп хабарлады БҒМ.

Олардың мәліметтеріне сүйенсек, "республика бойынша орташа балды санау барысында аймақтар бойынша қатысушылапдың орташа пайызы ескерілген". Ең жоғарғы орташа балл: Астана - 97,43, Павлодар облысы - 94,36, ШҚО - 93,29,, ал ең төменгі орташа балл Жамбыл облысы - 76,16, Ақмола - 79,27 және Қостанай - 80,16.

"Алтын Белгі" белгісін алуға үміткер 3632 түлектің 3573 тестлеуден өткен.

43 түлек 125 балл жинаған (өткен жылы 8 түлек). 25 929 түлек бес пән бойынша 100 балдан жоғары жинаған. 597 түлек қажетті 50 балды жинай алмай, тестлеуден өтпей қалды, деп атап көрсетілген баспасөз баянында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны