19.04.2007, 16:57 3200

Республика парламенті Мәсімов басқарған үкіметтен орта мерзімде жүзеге асырылатын әрекеттердің нақты бағдарламасын күтеді

АЛМАТЫ. 19 сәуір . Kazakhstan Today. Республика парламенті Кәрім Мәсімовтың басшылығындағы үкіметтен орта мерзімді уақытта жүзеге асырылатын әрекеттердің бағдарламасын күтеді. Бұл жөнінде бүгін VI Еуразиялық медиа-форумның аясында өткен брифингте ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі таңда жаңа үкіметтін қызметіне баға беру үшін біздің қолымызда мерзімдерге бөлінген, бүгіннің өзінде нәтиже береді деп жоспарланған орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді әрекет ету бағдарламасы болуы тиіс. Изірге біз нақты ештеңе байқап отырғанымыз жоқ, әрі қарай не боларын асыға күтудеміз",-деді Д.Назарбаева.

Ол атап өткендей, қазіргі кезде "жаңа премьер-министрдің қызметі жайлы түсінік беру өте қиын". "Осы жүз күннің ішінде мүмкін бар күшін шынында да өз әрекеттерінің бағдарламасын жасауға бағыттаған болар. Прмеьер-министрдің депутаттарға үкіметтің бағдарламасы ретінде ұсынған құжатын біз философия, қайсібір тұжырымдама ретінде бағаладық",-деді халық қалаулысы. "Енді біз нақтылықты күтеміз",-деп атап өтті Д.Назарбаева.

"Иңгіме 30 корпоротивті лидерді құрып қолдау жөнінде, яғни Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз ететін , мүмкін экономикамыздың диверсификациясы деп атап жүрген біздің басты мақсатымызға жеткізетін экономикалық саладағы бағыттар. Сондықтанда бүгінгі таңда парламенттің, депутаттардың алдында үкіметтің нақты немен айналысатыны туралы нақты түсінік жоқ",-деді ол.

Д.Назарбаеваның айтуынша, елбасы өзінің халыққа жолдауында он жылдыққа мақсат қойды. "Президент Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының алғашқы он жылдығын қорытындылап, бізді болашақта не күтіп тұрғанын айтты. Енді үкімет бізге әр жылға арналған шараларды тізбектеп, оның бәрі қалай жүзеге асырылады дегенді ашық айтып беруге тиіс",-деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны