17.12.2018, 14:34 5121

Республикада алғаш рет "Адал ұрпақ" еріктілер клубтарыныӊ облыстық штабы құрылды

2016 жылдан бері "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтары облыстыӊ барлық мектептерінде құрылып, бүгінде олардыӊ қатарында 16000-нан астам мүшелері бар.

Қызылорда. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарыныӊ облыстық штабы елімізде алғаш рет Қызылорда облысында ашылды.

Облыстық штабтыӊ ашылуы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Айгүл Шайымованыӊ облысқа іссапары барысында өтті.

Облыстық штабтыӊ құрылу мақсаты - жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелеӊ ұрпақтыӊ бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелейтін "Адал ұрпақ" клубтарыныӊ жұмыстарын үйлестіру болып табылады.

"2016 жылдан бері "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтары облыстыӊ барлық мектептерінде құрылып, бүгінде олардыӊ қатарында 16000-нан астам мүшелері бар. Осы кезге облыстағы ерікті клубтардыӊ жұмысын үйлестіретін, оларға методикалық көмек көрсететін арнайы орталықтыӊ болмауы қиындықтар тудырып келген болатын.Қазіргі таӊда облыстық штабта ұйымдастырылған жұмыстардыӊ 500-ге жуық материалдық қоры осы штабта жинақталған. Облыстық штабтыӊ құрылуы өз кезегінде ерікті клубтардыӊ қызметін үйлетіруге септігін тигізеді" - деді облыстық штаб жетекшісі Илия Алпысова.

Агенттіктіӊ Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған "Адал ұрпақтықтардыӊ" облыстық штабы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатында орналасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны