15.02.2012, 14:52 3674

Республикалық балаларды оңалту орталығында емдеу үшін роботтандырылған технологиялар пайдаланылады

"Республтикалық орталыққа науқастар әр өңірлерден келеді. Ем іздеп келген балалардың 85 пайызы аймақтардан келетін болса, 15 пайызы Астана қаласының кішкентай тұрғындары болып табылады. Орталықта балалар 25 күн ішінде сауықтыру курстарынан өтеді. Көрсетілген қызметтер өз нәтижесін беріп, балалар үйлеріне қайтарда аяқтарын баса бастайды. 5 жыл ішінде жазылған балалар саны 300-ге жуықтаған", - деп хабарлады орталық башсысы.

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - Республикалық балаларды оңалту орталығында емдеу үшін роботтандырылған технологиялар пайдаланылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Республикалық балаларды оңалту орталығының жетекшісі Шолпан Бөлекбаева мәлім етті.

"Республтикалық орталыққа науқастар әр өңірлерден келеді. Ем іздеп келген балалардың 85 пайызы аймақтардан келетін болса, 15 пайызы Астана қаласының кішкентай тұрғындары болып табылады. Орталықта балалар 25 күн ішінде сауықтыру курстарынан өтеді. Көрсетілген қызметтер өз нәтижесін беріп, балалар үйлеріне қайтарда аяқтарын баса бастайды. 5 жыл ішінде жазылған балалар саны 300-ге жуықтаған", - деп хабарлады орталық башсысы.

Қазіргі таңда орталықта нейроэндокринологиялық бөлім мен 5 неврологиялық бөлім жұмыс істейді.

Орталықта балаларға медициналық көмекпен қатар, емдеу үшін роботтандырылған технологиялар және компьютерлік технологиялар пайдаланылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны