13.02.2017, 17:49 4949

Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ төрағасы Қозыкөрпеш Жаӊбыршинмен қоштасу рәсімі ертеӊ өтеді

Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ төрағасы Қозыкөрпеш Жаӊбыршинмен қоштасу рәсімі ертеӊ өтеді

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ төрағасы Қозыкөрпеш Жаӊбыршинмен қоштасу рәсімі 2017 жылғы 14 ақпанда сағат 9.00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өтеді. Мекенжайы: Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 11.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, Қозыкөрпеш Жаӊбыршин ақпанныӊ 11-інен 12-сіне қараған түні қайтыс болған болатын.

Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ төрағасы Қозыкөрпеш Жаӊбыршин 1960 жылы 2 шілдеде Ақтөбе облысы Байғанин ауданыныӊ Жарқамыс ауылында туған.

Үйленген. Үш баласы бар.

1982 жылы Мәскеу экономика-статистика институтын (МЭСИ) "экономист-математик мамандығы бойынша бітірген.

1987-1990 жылдары - МЭСИ аспиранты. Экономика ғылымдарыныӊ докторы, диссертациясыныӊ тақырыбы: "Гетерогенді әлеуметтік-экономикалық жүйелер: стратегиялық басқару теориясы мен әдістемесі (2003).

1982-1983 жылдары ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау мекемесініӊ жанындағы Ғылыми-зерттеу институтыныӊ инженері болып жұмыс істеді.

1983-1987 жылдары - ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау мекемесініӊ экономисі және аға экономисі.

1991-1992 жылдары ҚазКСР Мемлекеттік экономикалық комитетініӊ бас маманы болып жұмыс істеді.

1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеӊестіӊ кеӊесшісі.

1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы Экономикалық кеӊес берушілер кеӊесі жетекшісініӊ орынбасары.

1994-1995 жылдары - Қазақстандағы Еуропа қауымдастықтары комиссиясы бюросыныӊ ұлттық директоры.

1995-1997 жылдары - Алматы қалалық Экономика комитетініӊ төрағасы.

1997-2003 жылдары - Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары.

2003-2007 жылдары - Қорғаныс министрініӊ қаржы және экономика жөніндегі орынбасары.

2007 жылғы ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеӊесі хатшысыныӊ орынбасары.

2009 жылғы қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеӊесі хатшысыныӊ орынбасары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеӊесі хатшылығыныӊ меӊгерушісі.

Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2014 жылғы 15 қаӊтардағы Жарлығымен Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ Төрағасы болып тағайындалды.

"Құрмет орденімен (2005), III дәрежелі "Барыс орденімен (2012), 10 медальмен, соныӊ ішінде Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасыныӊ медальдарымен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны