10.02.2017, 20:58 6872

Республикалық диагностикалық орталықта ретинопатия дертіне шалдыққан 135 бала тексеруден өткізілді

2017 жылғы ақпанныӊ 6-9 күндері Республикалық диагностикалық орталықта шала туған сәбилер арасында кездесетін ретинопатия дертіне шалдыққан 135 бала тексеруден өткізілді,- деп хабарлайды мекеме.

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - 2017 жылғы ақпанныӊ 6-9 күндері Республикалық диагностикалық орталықта шала туған сәбилер арасында кездесетін ретинопатия дертіне шалдыққан 135 бала тексеруден өткізілді,- деп хабарлайды мекеме.

Шала туған сәбилер арасында кездесетін ретинопатия дертініӊ ауыр түрімен ауыратын балалардыӊ ата-аналарынан құралған бастамашыл топтан "University Medical Center" корпоративтік қорыныӊ (бұдан әрі - "UMC" КҚ) филиалдары - Республикалық диагностикалық орталыққа және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына Санкт-Петербург қаласында ота жасалған балаларды қайта тексеруден өткізу туралы өтініш түсті. Осыған орай "UMC" КҚ басшылығы ғимарат пен қажетті қондырғыларды тегін ұсыну туралы шешім қабылдады.

Ағымдағы жылғы апқпанныӊ 6-9 күндері Республикалық диагностикалық орталықтыӊ Педиатрия бөлімінде республиканыӊ барлық өӊірінен келген шала туған сәбилер арасында кездесетін ретинопатия дертініӊ ауыр түріне шалдыққан 135 бала тексеруден өткізілді. Ленинград облыстық мемлекеттік "Балалар клиникалық ауруханасы" денсаулық сақтау мекемесініӊ көз микрохирургиясы бөлімшесініӊ меӊгерушісі Дискаленко Олег Витальевич өткізген тексерулерге "University Medical Center" корпоративтік қорыныӊ ретинопатияны емдеумен айналысатын офтальмолог дәрігерлері мен Көз аурулары ҒЗИ мамандары белсенді түрде атсалысты.

Тексерулер нәтижесінде әрі қарай жасалатын емдеу және оӊалту шаралары анықталды.

Өтегенова Гүлнәр Наурызқызы, "UMC" КҚ офтальмолог дәрігері:

"Бұл ауру тек шала туған сәбилер арасында кездеседі. Сәби дүниеге келген соӊ ерте кезеӊде ауруды басқарудағы еӊ маӊыздысы скрининг, диагностика және уақытында лазермен емдеу боп табылады. Түрлі деректер бойынша аурудыӊ күрделі түрінде емніӊ тиімділігі 50-ден 75% дейін, ал классикалық түрінде 90% асады. Лазерлік емдеуден нәтиже болмай, ауру әрі қарай асқынған жағдайда ерте витршвартэктомия амалы ұсынылады. Емніӊ бұл түрі ерте кезеӊде тиімді саналады, өйткені көздіӊ анатомиялық құрылымын сақтауға мүмкіндік береді".

Бүгінгі акция ерте кезеӊде ота жасалған балаларды тексеріп, әрі қарайғы емін анықтауда өте маӊызды шара болды әрі қазақстандық дәрігерлер үшін жақсы тәжірибе болды.

Надыров Камалжан Талғатұлы - "UMC" КҚ филиалы Республикалық диагностикалық орталық директоры

"Шала туған сәбилер арасында кездесетін ретинопатия проблемасы жаӊа туған кезеӊді ғана қамтып қоймай, өмір бойына қиындық туғызады. Осыған орай "UMC" КҚ кейіннен туындайтын асқынуларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы озық офтальмологиялық қондырғы сатып алуды жоспарлап отыр.

Бүгінгі таӊда балаларын шетелдерге апарып емдетуге ата-аналардыӊ барлығыныӊ бірдей мүмкіндігі жоқ болғандықтан, еліміздіӊ барлық өӊірінен балалардлы Астанаға жинау үшін осы шара ұйымдастырылды. Осы орайда шақыртуымызды қабыл алған ресейлік әріптестерге зор алғыс білдіремін".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны