06.12.2007, 19:05 12038

Республикалық комиссия мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау туралы мәселені талқылады

Республикалық комиссия мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау туралы мәселені талқылады

Астана. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен өткен кезекті отырысында ҚР мемлекеттік рәміздерін пайдалану және нәсихаттау туралы мәселе талқыланды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының президент әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Халықаралық деңгейде танылған және билік органдарымен рәсімделген мемлекеттік рәміздер мемлекеттіліктің маңызды атрибуттары болып табылады. Отаншылдық осыған деген сыйластықтан басталады. Мемлекет басшысы бұл мәселені маңызды басымдылық деп санайды. Біздің ұлттық рәміздерімізге сыйластықпен қатынасуға тәрбиелеудің үлкен жауапкершілігі мемлекеттік органдарға жүктеледі", деп мәлім етті отырысты ашқан мемлекеттік хатшы. Қ. Саудабаев, ЕҚЫҰ мүше 56 елдің Қазақстанның осы ұйымға 2010 жылы төрағалық етуі туралы бірауздан шешім қабылдағаннан кейін мемлекеттік рәміздер ерекше талап етілетін болады. Және де тек Қазақстан Республикасында ғана емес, бүкіл дүниежүзінде.

"Біз мемлекеттік рәміздерге деген сыйластыққа тәрбиелеу үйден, балабақша мен мектептен басталатындығын үнемі есте сақтауымыз қажет. Және мен ата-аналарды, тәрбиешілер мен мұғалімдерді біздің балаларымызды жас күнінен өз Отанын, Қазақстанның туын, елтаңбасы мен әнұранын сүюге және сыйлауға тәрбиелеуге шақырамын",- деп атап көрсетті Қанат Саудабаев. Комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан отырыс барысында Қарағанды, Қостанай облыстарының әкімдері мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкім орынбасарының аймақтағы мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмыстар туралы есептері тыңдалды. Сондай-ақ орталық және жергілікті органдар мемлекеттік рәміздерді пайдалануды олардың эталондарымен сәйкестендіру жөніндегі жасалған жұмыстар туралы есеп берді.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның 2008 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. "Үстіміздегі жылы екі маңызды оқиға болды. Біріншіден, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" конституциялық заңы қабылданды. Екіншіден осы саладағы жаңы нормативтік-құқықтық база әзірленді. Енді 2008 жылдағы ең басты міндет - заңның жұмыс істей бастауы үшін барлық мүмкіндіктерді жасау",- деді Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Ержан Бабақұмаров журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны