16.02.2007, 20:15 3311

Республикалық салық кеңесшілері палаталарының мүшелері Қазақстанда тәуелсіз директорлар ассоциациясын құру қажет деп санайды

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда тәуелсіз директорлар ассоциациясын құру қажет. Бүгін "Корпоративтік басқару: қазақстандық күн тәртібі" атты мәслихатта Республикалық салық кеңесшілері палаталарының мүшесі, "KMGC" ЖШС бас директоры Рустам Жүрсінов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанда Корпоративтік басқару жүйесіне сәтті өту жолындағы басты проблемалардың бірі мамандардың жетіспеушілігі, тәуелсіз директорлар кандидатының саны жеткіліксіз",- деді Рустам Жүрсінов. Оның пікірінше, "Қазақстан тәуелсіз директорлар лауазымына көптеген шетелдік мамандарды тартқанша, Ресейді үлгі тұту керек".

"Ресейдегі осы тектес проблема коммерциялық емес ұйым - Тәуелсіз корпоративтік директорлар ассоцациясын құру арқылы шешкен. Құрамында 250 мүше біріккен. Қазақстанда осы сияқты қауымдастық құру дұрыс",- деп атап өтті Р. Жүрсінов.

Оның сөздеріне сүйенсек, республикада мұндай ассоцация құру "қазақстандық және шетелдік кандидаттарды іріктеу және іздеуге арналған тұрақты мамандар базасын құруға, сонымен қатар директорлар қызметінің тәжірибелерін жинақтап қорытуға, олардың рөлін нығайтуға, қойылған барлық талаптарға сай келмейтін директорлардың "қара тізімін" құруға қол жеткізуге мүмкіндік береді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны