12.03.2007, 14:14 2888

Республикалық СПИД орталығының бұрынғы басшысы Оңтүстік Қазақстан облысындағы аналардың ВИЧ індетін балалардан жұқтыру мүмкіндігін жоққа шығарады

ШЫМКЕНТ. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Республикалық СПИД орталығының бұрынғы басшысы Исидора Ерасылова Оңтүстік Қазақстан облысындағы аналардың ВИЧ індетін балалардан жұқтыру мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл туралы ол балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс жөніндегі соттың кеше кешке өткен отырысында мәлім етті, деп хабарлайды, Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Дүниежүзінде аналардың індетті балалардан жұқтыру оқиғасы болмаған",- деп мәлімдеді ол қойылған сұрақтарға жауап бере отырып. Бұл мәлімдеме жәбірленушілер жағын дүр сілкіндірді. Дегенмен, И. Ерасылова індеттің мұндай жолмен жұғу мүмкіндігін жоққа шығара отырып, ол әйелдерге кезінде індеттің алдын алу мақсатында ВИЧ індетін жұқтырған балаларды емізбеуге кеңес бергенін мойындады.

Сондай-ақ, И. Ерасылова айыпталушылар мен олардың адвокаттарының ВИЧ індеті балаларға қан негізінде әзірленген (интерферон, иммуноглобулин) дәрілерді құю салдарынан жұғуы мүмкін деген болжамдарын "мүлдем мәнсіз" деп атап өтті. Ол, "індеттің тек тірі жасушалар мен лейкоциттерде өмір сүретіндігін, аталмыш қоспаларда болуы мүмкін емес екендігін" түсіндірді.

И. Ерасылованың пікірінше, балаларға ВИЧ індеті ауруханаларда қан құю арқылы және арам құралдарды пайдалану салдарынан жұққан.

Республикалық СПИД орталығының бұрынғы басшысынан сот отырысында куәгер ретінде жауап алынған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны