03.10.2018, 17:53 4479

Республикалық жедел-құтқару жасағы Талғар ауданыныӊ "Монахова шатқалына" кеткен үш саяхатшыны құтқарды

Екі бөлімшеніӊ үйлесімді жұмыстарыныӊ арқасында, күн жарымда адасқан саяхаттаушыларды тауып, "Спутник" шипажайына дейін шығарып салынды

Алматы. 3 қазан. Kazakhstan Today -2018 жылғы 27-қыркүйек күні, кешкі сағат тоғызда, РЖҚЖ диспетчерлік қызметіне адам адасып кетті деген деректер келіп түсті. Кейінірек белгілі болғандай, бір ер азамат және екі әйел адам "Спутник"шипажайына өзен жағалап көтеріліп бара жатып, жолдан адасып кеткен. Шұғыл түрде жеті адам және оныӊ ішіндебір кинологиялық есептен тұратын РЖҚЖ жедел тобы оқиға орнына шықты, іздестіру жұмыстары түні бойы жалғасты.

Таӊғы тоғызда, құрамы алты адамнан тұратын, оныӊ ішінде кинолог қызметтік-іздестіру итімен РЖҚЖ №2 жедел тобын оқиға орнына жолдау туралы шешім қабылданды.Екі бөлімшеніӊ үйлесімді жұмыстарыныӊ арқасында, күн жарымда адасқан саяхаттаушыларды тауып, "Спутник" шипажайына дейін шығарып салынды, сондай - ақ іздестіру - құтқару операциясы кезінде,жол - жөнекей Талғар шатқалындағы жергілікті таулы аймақта адасып қалған жолаушы екі саяхаттаушыларға қөмек көрсетіліп, шығарып салынды.

РЖҚЖ құтқарушылары, болжамдалған саяхатқа мұқият дайындалуды белгіленген бағыттыӊыздан және қозғалыс тактикасынан ауытқымауды ұсынады.

"Ұзақ саяхатқа жол тартсаӊыз, міндетті түрде өзіӊізбен бірге қол шам, малақай, қолғап және жылы киім қорын алыӊыз. Сондай-ақ, жарық түсіретін жилет ала шығыӊыз. Ол аз орын алады, есесіне адасып кетсеӊіз, құтқарушылар сізді тез табады. Сіздіӊ, физикалық дайындығыӊыз, жабдықталуыӊыз және жергілікті жерді танып білуіӊіз, таӊдаған бағытыӊызға сәйкес келетіндігіне сенімді болуыӊыз тиіс. Жорыққа шығар алдында, қайда бара жатқаныӊызды, көздеген мақсатыӊызға қанша уақытта жетуді көздегеніӊізді өзге адамдарға ескертіп қойыӊыз және ауа - райы шарттары жылдам нашарлауы мүмкін екендігінесте сақтаӊыз. Қырағылық - қауіпсіздік кепілі",- деп ескертеді құтқарушылар.

ҚР ІІМ ТЖ комитетініӊ Республикалық жедел-құтқару жасағы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны