12.12.2019, 15:40 27902

Республикалық эпизоотияға қарсы отрядының Қарағанды филиалының директоры сыбайлас жемқорлыққа күдіктілуде

Ол қызмет бабында жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерден 150 мың теңге пара алды деп күдіктілуде.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отрядының Қарағанды филиалының директоры сыбайлас жемқорлыққа күдіктілуде.

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің "Республикалық эпизоотияға қарсы отряд" РММ Қарағанды филиалының директорына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол қызмет бабында жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерден 150 мың теңге пара алды деп күдіктілуде.

Күдіктінің өз кінәсін мойындауына және күдікті мен оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтініш хатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны