03.04.2012, 09:32 6854

Республикамызда педагогтардың біліктілігін арттыру курстары басталды

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында Кембридж Университетінің білім беру факультетімен бірлесе отырып әзірленген арнайы бағдарлама бойынша 286 жаттықтырушы даярлықтан өтті, деп хабарлады Pm.kz сайтына "Назарбаев Зияткерлік мектептері" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Республикамызда педагогтардың біліктілігін арттыру курстары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының педагогикалық шеберлік орталығында Кембридж Университетінің білім беру факультетімен бірлесе отырып әзірленген арнайы бағдарлама бойынша 286 жаттықтырушы даярлықтан өтті, деп хабарлады Pm.kz сайтына "Назарбаев Зияткерлік мектептері" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж Университетінің білім беру факультеті сарапшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беретін мектептегі педагогтардың біліктілігін арттыру курстары Бағдарламасын жүзеге асыру аясында 286 жаттықтырушыны даярлап бітірді. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы, Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Шымкент қалаларындағы педагогикалық институттар жанындағы аймақтық орталық, "Өрлеу" Ұлттық біліктілік арттыру орталығы" АҚ-ның, біліктілік арттыратын аймақтық институттар мен колледж қызметкерлері жаттықтырушылар атанды.

Осы жаттықтырушылар Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің 3000 мұғалімін 3 базалық деңгеймен арнайы 3 айлық бағдарлама бойынша оқытуды бастайды.

"Сабақтар шағын топтарда (30 адам) "facetoface" ("тікелей") үлгісі және қашықтықтан оқыту үлгісі (онлайн-режимінде) бойынша өтеді", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны