08.01.2008, 12:42 1681

Республиканың оңтүстік аймақтарында ауа райының қолайсыздығынан бірнеше көлік жолдары жабылды

Республиканың оңтүстік аймақтарында ауа райының қолайсыздығынан бірнеше көлік жолдары жабылды

Шымкент. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қалың жауған қардың салдарынан Алматы - Шымкент тас жолдарындағы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысының таулы асуларында көлік қозғалысы тоқтатылған, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шақпақ ата және Киік асуларының Жамбыл облысы жағы жабылды. Оңтүстік Қазақстан облысы жағынан бұл бағытта жүруге тыйым салынған",- деп түсіндіріп өтті облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер. Бүгін күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында жауған қар толастар емес, әсіресе таулы аймақтарда өте қатты боран соғып, көк тайғақ болып жатыр. Облыс бойынша кей жерлерде батыстан соққан желдің күші секундына 15 - 20 метрге жеткен. Облыста күн райының бұзылатындығы туралы ескерту жасалып, тұрғындарға алыс аудандарға баруды, тауға шығуды шектеу туралы ұсыныс айтылған, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары да қабылданған, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Сондай-ақ Алматы облысының аумағында да ауа райының қолайсыздығының салдарынан (қатты жел мен көк тайғақ) 7-қаңтардан бастап Үшарал - Достық жолдары жабылған, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны