14.06.2012, 11:04 2839

Республиканың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батысында күн қатты ысиды деп күтілуде

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазгидромет" РМК болжауынша, 14 маусымда атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстан шығысының жартысында циклонның ықпалы сақталады.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Республиканың шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батысында күн қатты ысиды деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің "Қазгидромет" РМК болжауынша, 14 маусымда атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстан шығысының жартысында циклонның ықпалы сақталады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз кей жерлерде тұман болады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының жекелеген жерлерінде, Оңтүстік Қазақстан облысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн қатты ысиды деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны