02.06.2009, 17:50 3012

Республиканың таулы аудандарында күн райы бұзылады деп күтілуде

Республиканың таулы аудандарында күн райы бұзылады деп күтілуде

Алматы. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Республиканың таулы аудандарында күн райы бұзылады деп күтілуде. "Қазгидромет" РМК бүгін осы жөнінде ескерту жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, "алдағы тәуліктерде, 2009 жылдың маусым айының 2 мен 4 аралығында болатын қатты нөсерге байланысты Шығыс Қазақстан облысының тау өзендерінде тасқын болады деп күтілуде, су жайылу қаупі бар",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3 маусымда қатты нөсерге байланысты Алматы облыстарының таулы өзендерінде су тасқыны болады, Іле Алатауында кей жерлерде сел жүруі мүмкін.

3 маусымда түнде Ақмола облысынан солтүстікке қарай топырақ қабатында кей жерлерде 0 - 3 градусқа дейін қатқақ болады.

"Күн райының осылайша бұзылу мүмкіндігіне байланысты ҚР ТЖМ аталған облыстардың тұғындарын осы күндерде аса абай болуды және автокөлікпен алыс жолға шықпауды, атап айтсақ, табиғат аясына серуендерге шықпауды ескертеді", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны