24.07.2017, 19:54 4847

Рестораторлар салалық ассоциациясыныӊ аясында өзін-өзі басқаруды кеӊейту шараларын қолдайды

Темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салу туралы заӊ Қазақстан аумағында 2009 жылдыӊ күзінен бастап әрекет етеді - бұл "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексініӊ" 159 бабы. Дегенмен, осы бапта баяндалған ережелердіӊ төӊірегінде осы күнге дейін көптеген даулар туындауда.

Алматы. 24 шілде. - Kazakhstan Today - Бүгін Алматы рестораторлары - "HORECA Қазақстан" мейрамхана-қонақүй бизнесі кәсіпорындары ұлттық қауымдастығыныӊ мүшелері - саланыӊ жұмыс істеу және тұтынушылармен өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, қазақстандық рестораторлар қоғамдық тамақтану мекемелерініӊ аумағында шылым шегу туралы пікірталастыӊ жаӊа толқынына назар аударды. Ассоциация бекітілген ережелермен сәйкес қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында темекі шегуге арналған орындарды жабдықтауда көмектесуге дайын, сондай-ақ ассоциация жағынан аталмыш орындардыӊ ережелерге сай болуын қадағалауға әзірлігін білдірді. Бұл мемлекет органдарыныӊ шағын және орта бизнесті тексерудегі жүктемесін жеӊілдету әрі кейбір бақылау функцияларын бизнес-ассоциацияларға тапсырудағы мемлекет саясатына сай болып келеді.

Темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салу туралы заӊ Қазақстан аумағында 2009 жылдыӊ күзінен бастап әрекет етеді - бұл "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы ҚР Кодексініӊ" 159 бабы. Дегенмен, осы бапта баяндалған ережелердіӊ төӊірегінде осы күнге дейін көптеген даулар туындауда.

- Көптеген адамдар барлық қоғамдық орындарда емес, атап айтқанда жекелеген орындарда шылым шегуге болмайтынына назар аудармайды, - деп нақтылады "HORECA Қазақстан" ассоциациясыныӊ президенті Игорь Копайлов. - Мысалы, қоғамдық тамақтану мекемелерінде шылым шегуге болады, ол туралы заӊда нақты айтылған, бірақ осы мекеме шылым шегу үшін арнайы тағайындалған орынмен жабдықталуы шарт.

Қоғамдық тамақтану мекемелерінде шылым шегу үшін орындарды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық талаптар 2015 жылы Денсаулық сақтау министрлігініӊ келісімімен Ұлттық экономика министрлігі қабылдаған. Құжатта айтылғандай, осындай орындар бөлме-жайда болуы және желдетумен жабдықталуы керек, оларды тазалау мен жинау тұрақты негізде жүзеге асырылуы қажет.

Журналистердіӊ көпшілікке танымал бола бастаған жаӊа өнімдер - электронды темекі, шылымды қыздыру жүйелері және басқалары туралы сұрағына жауап бере отырып, Игорь Копайлов: - Біз осындай жаӊа өнімдерге оӊ көзбен қараймыз, өйткені олар дәстүрлі шылым шегудіӊ баламасы болып табылады. Дегенмен, Қазақстан аумағында оларды қоғамдық орындарда пайдалану бойынша нақты ережелер жоқ, сондықтан оларды теӊдестірілген реттеу үшін ЕАЭО аумағында бірыӊғай ережелерді әзірлеу бойынша жұмыстарды бастау зерделі шешім болады деп ойлаймыз, - деп атап өтті.

Сондай-ақ, қауымдастық өкілдерініӊ назары кальян шегу тақырыбына да ауды. Қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерініӊ қаулысымен 2013 жылы күшіне енгізілді. Сонымен бірге, осындай тыйым салуды енгізудіӊ негізі рестораторлардыӊ көӊілінен шықпайды. Осы мәселе бойынша "HORECA Қазақстан" ассоциациясыныӊ заӊгері Қуаныш Серкенов мынадай пікір білдірді:

- Егер мәселеге әділдікпен қарасақ, кейбір мекемелерде кальянды бұрынғысынша көп мөлшерде тұтынатынын мойындау керек. Біз, экономикалық мақсаттарға сәйкес, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу мақсатында, осы мәселеге заӊ шығарушылар назарын аударған жөн деп есептейміз. Яғни, егер кальян әуесқойларыныӊ (ал тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанда осындай адамдар көп ) қажеттілігі мен құқықтары тұрғысынан қарастырсақ, онда қандай да бір келісімге келуге мүмкін болар. Осы мәселені тағы да ойластыру керек және қажет болған жағдайда, қауіп-қатердіӊ кез келген мүмкіндігін төмендету үшін кальянға арналған керек-жарақтарды (аксессуарларды) өӊдеуге қойылатын қандай да бір талаптарды әзірлеу қажет.

Шылым мен кальян шегу мәселелерінен басқа, "HORECA Қазақстан" ассоциациясыныӊ мүшелері қоғамдық тамақтану мекемелерінде қызмет көрсету деӊгейі мен сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

- Ирине, қазақстандық мекемелерде қызмет көрсету деӊгейіне біз аса назар аударамыз. Бұл мәселе көбінесе мейрамханаларға қатысты қандай да бір наразылықтар туындағанда көтеріледі. Яғни, тағам сапасы қонақтарды көп жағдайда қанағаттандырады, сондай-ақ, мекемелердіӊ алуан түрлігі мәселесі де тұтынушыларды мазаламайды, мекемелердіӊ баға саясатына қатысты қандай да бір қиыншдықтар іс жүзінде жоқ - осы тұрғыда мейрамхана қызметтері саласы қазір өте жақсы дамыған және әр түрлі. Дегенмен, қызмет көрсету, сервис мәселесі, әрине, кейде өткір қойылады, сондықтан біз қызметкерлердіӊ біліктілік деӊгейін арттыруға тырысамыз, оқыту және ынталандыру бағдарламаларын қарастырамыз және енгіземіз. Бұл өзініӊ жемісін беріп жатыр деп айтуға болады, өйткені біздіӊ мекемелерде қызмет көрсетуге қатысты негізделген наразылықтар жыл сайын азайып келеді, - деп қорытындылады Игорь Копайлов.

- Келушілерде жазғы алаӊдарға қатысты көбіне сұрақ туындайды, - деп түсіндірді Яна Лыкова, "Рататуй" рестораныныӊ ортақ иесі және басқарушысы. - Илдекімге осындай алаӊда шылым шегуге болатын-болмайтынына қатысты даулар өте көп, анда-санда осыған байланысты қонақтар арасында қақтығыстар туындайды. Дегенмен, ойлап қарасақ, тіпті, жазғы алаӊда да шылым шегуге болмайды, өйткені бұл қоғамдық тамақтану мекемесініӊ аумағы емес пе? Алайда, екінші жағынан, біз әріптестермен бірге тұтынушылардан жазғы алаӊды жеке аймақтарға бөлу ұсынысын жиі естиміз.

Мемлекеттік тексерулерді жүргізу тәртібі мен заӊға сәйкестігі, бизнесті дамытудағы беталыс және мейманхана шаруашылығында және мейрамхана ісінде білім беретін жүйеніӊ жоқтығымен байланысты мәселелер сияқты тақырыптар да талқыланғанын атап өткен жөн. Мейрамханалар мен мейманханалар қызметкерлері арасында мамандандырылған білім берудіӊ жоқтығымен әр бизнес иегері кездесетін сияқты, бұл олардыӊ істерініӊ дамуын қиын жағдайда қалдырады, өйткені, Қазақстанныӊ қызмет көрсету нарығында білікті мамандар жетіспейді.

Шағын бизнес кәсіпорындары кез келген дамыған елдіӊ экономикасыныӊ негізін құрайтыны белгілі. Ашық және әділ талқылауға шығарылатын бизнесмендердіӊ ұсыныстары мен үміт-мүддесін елемеу жолсыз, бұл отандық экономиканыӊ дағдарыстан шығуына және Қазақстанныӊ әлемніӊ 30 озық елдер қатарына енуі туралы міндеттіӊ шешілуіне кедергі келтіретінін дөӊгелек үстелге қатысушылар атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны