12.09.2008, 14:55 2611

РФ Мемлекеттік думасы отандастардың Ресей азаматтығын алуын жеңілдететін заңнамалық түзетулерді қабылдады

РФ Мемлекеттік думасы отандастардың Ресей азаматтығын алуын жеңілдететін заңнамалық түзетулерді қабылдады

Алматы. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - РФ Мемлекеттік думасы бүгін отандастарының Ресей азаматтығын алуын жеңілдететін "Ресей Федерациясының азаматтығы туралы" заңына енгізілетін түзетулерді үшінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Түзетулерге сәйкес, отандастардың Ресей Федерациясына ерікті қоныс аударуына қолдау көрсету бағдарламасының аясында Ресейге көшіп келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға жеңілдікпен РФ азаматтығы беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны