04.06.2008, 22:32 2647

РФ президенті Дмитрий Медведев ТМД елдерінің президенттерімен екіжақты келіссөздер өткізеді

РФ президенті Дмитрий Медведев ТМД елдерінің президенттерімен екіжақты келіссөздер өткізеді

Мәскеу. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресей президенті Дмитрий Медведев 6-7 маусымда Санкт-Петербург қаласында ТМД елдерінің ресми емес саммитіне жиналатын барлық ТМД елдерінің президенттерімен екіжақты келіссөздер өткізеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы журналистерге РФ президентінің көмекшісі Сергей Приходько хабарлады. Оның айтуынша, 6 маусымда Молдова президенті Владимир Воронинмен, Украина президенті Виктор Ющенкомен, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовпен, Изербайжан президенті Ильхам Алиевпен, Грузия президенті Михаил Саакашвилимен, Өзбекстан президенті Ислам Карімовпен және Армения президенті Серж Саркисянмен кездесу жоспарланған. Ал 7 маусымда Құрманбек Бакиевпен (Қырғызстан) және Эмомали Рахмонмен (Тәжікстан) кездесу алдын ала жоспарланған.

Приходьконың айтуынша, сондай-ақ, Медведевтің Македония президенті Бранко Црвенковскимен және ірі шетел бизнесінің өкілдерімен кездесу көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны