14.10.2009, 11:11 1627

РФ президенті Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттерін 75 жылдық мерейтоймен құттықтады

РФ президенті Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттерін 75 жылдық мерейтоймен құттықтады

Алматы. 14 қазан. Kazakhstan Today - РФ президенті Дмитрий Медведев Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттерін 75 жылдық мерейтоймен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today РФ президентінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

"Сіздерді Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 75 жылдық мерейтоймен құттықтаймын", - делінген Д. Медведевтің құттықтау жеделхатында.

"Өткен жылдарда университет республиканың жетекші білім шаңырағына, кәсіби білікті мамандарды дайындайтын басты "білім ошағына" айналды. Ресейде және басқа да елдерде оны өзіндік дәстүрлері бар әрі қуатты оқытушы-профессорлар құрамымен танымал, беделді білім және зерттеу орталығы ретінде біледі әрі бағалайды", - деп жазады РФ президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны