14.09.2016, 10:29 1823

Риддерде облыстық бюджет қаражатына екі тұрғын үй салынады

Даниал Ахметов жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады және тұрғын үйдіӊ құрылысы бойынша Риддер қаласында жиналыс өткізді. Жиналыс қорытындысы бойынша, облыс бюджетінен екі тұрғын үйдіӊ құрылысына қаражат бөлу шешімі қабылданды",-делінген хабарламада.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысыныӊ басшысы Даниал Ахметов Риддер қаласындағы "ЛК ГЭС" ЖШС-да, құрылыс және ауыл шаруашылық нысандарында болып қайтты, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

ШҚО-ныӊ Риддер қаласында "ЛК ГЭС" ЖШС-да су құрылысын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Басшылықтыӊ жоспары бойынша кәсіпорында жылдыӊ соӊына дейін екі турбина іске қосылады және ол 27 МВт электр энергиясын өндіретін болады.

Сонымен қатар, қалада жылдыӊ соӊына дейін 280 орынға арналған балабақшаны пайдалануға беру жоспарланған.

"Нұр Отан" партиясыныӊ Риддерлік филиалыныӊ ғимаратында Даниал Ахметов жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады және тұрғын үйдіӊ құрылысы бойынша Риддер қаласында жиналыс өткізді. Жиналыс қорытындысы бойынша, облыс бюджетінен екі тұрғын үйдіӊ құрылысына қаражат бөлу шешімі қабылданды",-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аймақ басшысы хоккей модулініӊ қайта жөндеу жұмыстарымен танысып, тауарлы сүт фермасында болып қайтты.

Сапар барысында облыс әкімі "Arman Village" жобасы бойынша бизнес-жоспарды дайындауға тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны