14.11.2017, 17:35 4718

Рим опера театры Қазақстанныӊ опера әншісімен келісімшарт жасасуға әзірлік танытты

Рим опера театры "Астана Операныӊ" жетекші солисі, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Сүндет Байғожинмен жақын арада келісімшарт жасасуға әзір. Танымал қазақстандық опера әншісі шарттары қатал байқау іріктеуінен өтіп, тұӊғыш рет тарихта Еуропадағы еӊ атақты театрлардыӊ біріндегі қазақстандық солист атанбақ.

Астана. 14 қараша. Kazakhstan Today - Рим опера театры "Астана Операныӊ" жетекші солисі, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Сүндет Байғожинмен жақын арада келісімшарт жасасуға әзір. Танымал қазақстандық опера әншісі шарттары қатал байқау іріктеуінен өтіп, тұӊғыш рет тарихта Еуропадағы еӊ атақты театрлардыӊ біріндегі қазақстандық солист атанбақ.

Иртіс шақырту алған тыӊдау кезеӊіне түрлі елден келген көптеген талантты баритон-әншілер қатысты. Жеӊіске үмітті үздік бестік ақтық сынға өтті. Нәтижесінде, екі жылға созылатын келісімшарт қазақстандық вокалист Сүндет Байғожинге ұсынылды. Қатаӊ комиссия құрамына Рим опера театрыныӊ шығармашылық басшылығы мен әйгілі опера әншілері мен ұстаздар енді.

Иділқазылар мүшесі, танымал баритон Доменико Колаянни атап өткендей, Сүндет Байғожинніӊ шеберлігі аты аӊызға айналған миландық Ла Скала әншілерінен еш кем емес.

Керемет вокалдық қалпын көрсеткен Сүндет Байғожин В.А.Моцарттыӊ "Фигароныӊ үйлену тойы" операсынан граф Альмавива ариясын, Дж.Россинидіӊ "Севильдік шаштараз" операсынан Фигаро ариясын, П.Чайковскийдіӊ "Евгений Онегин" операсынан Онегин ариясын орындады. Қазіргі уақытта жетекші солист Ж.Бизеніӊ "Кармен" операсындағы ("Астана Операдағы" премьерасы 17, 18 және 19 қараша өтеді) тореадор Эскамильоны алғаш рет ойнауға бар күш-жігерімен дайындалуына байланысты, оныӊ байқаудағы өнер көрсетулері Эскамильоныӊ шумақтарын "биске" шырқауымен аяқталды.

- Мен өз елімніӊ патриотымын, театрымды жақсы көремін және болашақтағы барлық жетістіктерім Отаныма игілігін көрсетсе деймін. Елбасымыз Н.И.Назарбаевтыӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға үлесімді қосу мен үшін аса маӊызды. Президенттіӊ жолдауында қазақстандық өнерді әлемдік мәдени кеӊістікте танымал ету, дәріптеу қажеттігі айтылған. Осы идеяныӊ бөлігі - Еуропаныӊ театр шыӊында елініӊ көрнекті тұлғасы болған қазақстандықтардыӊ есімін жазуға шақыру. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс білдіремін, сонымен қатар әріптестерім мен театр басшылығына көрсеткен қолдаулары, артқан сенімі және отандық әрі шетелдік сахнада жарқын қойылымдар мен концерттік бағдарламаларда өнер көрсету мүмкіндігін бергені үшін рахметімді айтамын, - деді Сүндет Байғожин.

Инші алдағы екі жылда Римде қыруар еӊбек пен жұмыстыӊ күтіп тұрғанын атап өтті.

- Өзімді жақсы жағымнан көрсетуім қажет. Осынау баға жетпес тәжірибе шығармашылық өсуіме аса маӊызды. Болашақта классикалық өнер сүйер қауымды жаӊа партиялармен, спектакльдермен қуантуға үміттенемін. Атақты баритон Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтыӊ арманы Еуропаныӊ үздік сахналарында Қазақстан мәдениетін асқақтату болған еді. Пір тұтқан тұлғамныӊ арманын іске асыруды қалаймын, себебі қазақстандық опера өнері барша әлемге танылуға әбден лайықты, - деп қосты солист.

Анықтама

Сүндет Байғожин - көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардыӊ лауреаты, соныӊ ішінде Б.Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер байқауыныӊ Бас жүлдесі, Италиядағы Toti dal Monte (Трэвизо қ.) халықаралық байқауыныӊ және Arena di Verona қорыныӊ опера әншілер байқауыныӊ және т.б. сайыстардыӊ жеӊімпазы. Иртіс Нью-Йорктегі (АҚШ) Карнеги-Холл, Берлин филармониясы (Германия), Париждегі Елисей алаӊдары театры (Франция), Вена Концертхаус (Австрия) сынды әлемге танымал саханаларда, сонымен қатар Жапония, Оӊтүстік Корея, Түркия, Иордания, Түркіменстан, Ресей, Беларусь және т.б. елдерде орасан зор жетістікпен өнер көрсетті. Веронадағы Филармоника театры сахнасында Дж.Пуччинидіӊ "Богема" операсындағы Марсель және Дж.Россинидіӊ "Севильдік шаштараз" операсындағы Фигаро басты партияларын шеберлікпен орындады.

Иншініӊ қоржынында А.Жұбанов, Л.Хамидидіӊ "Абай" операсындағы Абай, Е.Брусиловскийдіӊ "Қыз Жібек" операсындағы Бекежан, Б.Қыдырбектіӊ "Қалқаман - Мамыр" операсындағы Инет баба, Дж.Пуччинидіӊ "Мадам Баттерфляй" операсындағы Шарплес және "Манон Леско" операсындағы Леско, Г.Доницетттидіӊ "Дон Паскуале" операсындағы Малатеста және т.б. қазақ, орыс және батыс еуропалық композиторлардыӊ опера шығармаларындағы жетекші партиялары бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны