18.06.2018, 22:08 3973

Римде қазақстандық фильмдердіӊ көрсетілімі өтті

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қолдауымен Қазақстанныӊ Италиядағы елшілігі Рим қаласында "Жұлдыздар тоғысқанда", "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" және "16 қыз" фильмдерініӊ көрсетілімін ұйымдастырды.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ елордасы Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерейтойын атап өту шеӊберінде Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ қолдауымен Қазақстанныӊ Италиядағы елшілігі Рим қаласында "Жұлдыздар тоғысқанда", "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" және "16 қыз" фильмдерініӊ көрсетілімін ұйымдастырды.

Көрсетілім алдында көрермен алдында сөз сөйлеген Елшілік өкілдері, сондай-ақ Италияныӊ мәдениет және өнер қайраткерлері Қазақстан мен Астана қаласы дамуыныӊ деӊгейіне және отандық кинематография саласына жоғары баға берді.

Италия тілінде субтитрлері бар фильмді тамашалаған көрермендер халқымыздыӊ тарихына үлкен қызығушылықтарын білдірді. Айта кетсек, Римніӊ тарихи аудандарыныӊ бірінде орналасқан Casa del Cinema кинотеатрында бұл күні бос орын болмады. Жиналған өнер сүйер қауым отандық кинотуындаларды жақсы қабылдап, қазақ мәдениеті және өнерімен етене танысу туралы өз ойларын білдірді.

Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығына орай түсірілген "Қазақ хандығы" киносериалыныӊ кинонұсқасы - "Алмас қылыш" фильмі Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25-жылдығына орай еӊ алғаш Астана қаласында көрсетілген болатын. Бұл ауқымды жобаныӊ идея авторы ҚР Президенті Н.И.Назарбаев. Фильмніӊ сценарийі Ілияс Есенберлинніӊ "Алмас қылыш" романыныӊ негізінде жазылған.

"Елбасы жолы" киноэпопеясыныӊ жалғасы - режиссер Сергей Снежкин түсірген "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі Кеӊес Одағыныӊ құлауы, жаӊа тәуелсіз мемлекеттердіӊ пайда болуы, оныӊ ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды. Ағылшын жазушысы Джереми Вильсон Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ өмірбаянын жазу үшін онымен кездесуге қол жеткізеді. Алайда журналист пен Елбасыныӊ белгіленген сұхбаты бүкіл елді аралаумен, тарихқа көз жүгірткен ұзақ уақытқа созылған қызыққа толы саяхатқа ұштасады.

"Он алты қыз" фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жас жігіттіӊ оқиғасын баяндайды. Икесі Бауыржанды досыныӊ қызы Айжанмен "бел құда" салты бойынша атастырады. Дегенмен қыздыӊ кейін басқа жігіті бар болып шығады. Досыныӊ көӊілін қалдырғысы келмеген Айжан Бауыржанға қалыӊдық іздей бастайды. Кейіннен олардыӊ қарым-қатынасы махаббатқа ұласады.

Көрсетілімнен кейін қонақтар Қазақстан мен Астана қаласы туралы дайындалған отандық имидждық бейнематериалдарды көріп тамашалады.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны