Система Orphus

Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтуде

21.10.2019, 15:07 6373

Алматы. 21 қазан. Kazakhstan Today - Алматыда Ұлы Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті.

15 қазан күні Алматы қаласындағы Республика сарайында оркестің концерті өтті. Ал 30 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазақстан" орталық концерт залында Құрманғазы оркестрінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өткелі отыр.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақтың інжу - маржаны" - деп атаған оркестрі бүгінде бүкіл әлемге халқымыздың музыкалық өнерін, бірегей музыкалық аспаптарын және Ұлы дала әуенінің пәк сұлулығын танытуда. Оркестр шет мемлекеттердегі Қазақстанның мәдениет күндерінде, әлемнің үздік залдарындағы жеке шығармашылық гастрольдерінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен мемлекеттік концерттерде лайықты деңгейде өнер көрсетіп келе жатыр.

Аталған кештерде әлемге әйгілі Құрманғазы оркестрімен КСРО халық артисі Б.Төлегенова, Қазақстанның халық артистері Н.Нүсіпжанов, М.Жүнісова, А.Қоразбаев, Н.Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері С.Байғожин, Т.Асар, А.Қосанова, Б.Мықтыбаев, С.Майғазиев және тағы да басқа майталмандар өнер көрсетеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны