23.10.2007, 14:54 3049

"Роскосмостың" басшысы қазақстандық құқық қорғау құрылымдарының өкілдерін марапаттады

"Роскосмостың" басшысы қазақстандық құқық қорғау құрылымдарының өкілдерін марапаттады

Байқоңыр. 23-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Байқоңырда "Роскосмостың" басшысы Анатолий Перминов қазақстандық құқық қорғау құрылымдарының өкілдеріне мекемелік белгілер мен грамоталар табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Космонавтика саласындағы халықаралық ынтымақтастығы үшін" белгісімен Байқоңырдың прокуроры Мейрамхан Ибрашев, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Байқоңыр қалалық департаменті басқармасының бастығы Иділбек Атабаев және Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Байқоңыр өкілдігінің бастығы Бауыржан Балғабеков марапатталды.

Байқоңырдың әділет басқармасының бас маманы Шаркүл Ибдіразақова мен "Байқоңыр" кеденінің бас маманы Қуантхан Керімовке "Роскосмос" құрмет громатасы табыс етілді.

"Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы директорының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Александр Барыбиннің атап өтуінше, "қазақстандық құқық қорғау мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда, екі мемлекеттің - Ресей мен Қазақстанның игілігі үшін Байқоңыр кешеніндегі ғарыштық іс-қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ресейлік әріптестерімен және ғарыш саласындағы кәсіпорындармен жемісті ынтымақтастық орнатуға үлкен үлестерін қосқан".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны