02.08.2006, 13:48 3129

РС-20 зымыранының құлауы салдарынан келген шығын көлемі Қазақстан мен Ресейдің бірлескен комиссияларының отырысынан кейін жария етіледі

АСТАНА. 2-тамыз. Kazakhstan Today. РС-20 зымыранының құлауы салдарынан келген экологиялық және экономикалық шығын көлемінің алдын-ала бағасы Қазақстан мен Ресейдің бірлескен комиссияларының 4-тамызда өтетін отырысынан кейін жария етіледі. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысында РС-20 "Днепр" зымыранының құлауынан келген залал-зардапты анықтау жөніндегі комиссияның төрағасы...

АСТАНА. 2-тамыз. Kazakhstan Today. РС-20 зымыранының құлауы салдарынан келген экологиялық және экономикалық шығын көлемінің алдын-ала бағасы Қазақстан мен Ресейдің бірлескен комиссияларының 4-тамызда өтетін отырысынан кейін жария етіледі. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысында РС-20 "Днепр" зымыранының құлауынан келген залал-зардапты анықтау жөніндегі комиссияның төрағасы, білім және ғылым министрінің орынбасары Азамат Ибдімомынов журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Алғашқы есептер қазір белгілі, бірақ біз оны әзірге жария ете алмаймыз. Баға 4-тамызда жария етіледі",- деді А.Ибдімомынов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А.Ибдімомыновтың ақпаратына сәйкес, қазақстандық комиссияның құрамында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары А.Бірәлиев басқаратын экологиялық шығынды анықтау жөніндегі және экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Б.Палымбетов басқаратын экономикалық шығынды анықтау жөніндегі жеке топтар бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны